Хабар телеарнасы

Шогманов Майтан (1923 - 1998 жж.)

Shogmanov Maitan

Шогманов Майтан 1923 жылы 7 қаңтарда Павлодар облысы, Галкино ауданындағы (қазіргі Шарбақты ауданы) Тайбағар елді мекенінде дүниеге келген.

1942 жылы мамыр айында әскер қатарына шақырылып, өз Отанын қорғауға аттанған.

Майданда 453-ші атқыштар полкінде болған. Мәскеу қаласына қауіп төнгенде неміс-фашист басқыншыларына қарсы шайқасқа шыққан.

Жауынгер ата әйгілі Волоколамск тас жолын қорғаған.

1943 жылы сәуір айында қатты жараланғанына байланысты елге қайтарылды.

Ұлы Жеңістің 20, 30, 40, 50 жылдығына арналған мерейтой медальдармен марапатталды. КСРО Қарулы күштерінің 50, 70 жылдығына арналған медальдармен марапатталды.

Ұлы Отан соғысының ардагері соғыстан кейін Шақа ауылында орман шаруашылығында еңбек етіп, еңбек ардагері ретінде зейнетке шыққан.

Жанұясында зайыбы Қорланмен екі ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірген.

1998 жылы 75 жасында қайтыс болған.

Авторы: Шагмарданова Әлия