Хабар телеарнасы

Есенов Қасыл (1921 - 1986 жж.)

Есенов Қасыл (1921 - 1986 жж.)

Есенов Қасыл 1921 жылы Торғай ауданының Қаратал қонысында туған. Әскерге 1941 жылы маусым айында шақырылған. Майданда 389-атқыштар полкінде, кейін 29-гвардиялық полкте, 1944 жылдың ақпанында жараланғанына дейін 47850 әскери бөлімде атқыштар қатарында ұрыстарға қатысты. Жараланып, госпитальден шыққан соң, 1945 жылдың шілдесінде елге оралды.

Мұғалімдік жұмыста болды. Қостанай педучилищесін 1955 жылы сырттай оқып бітірген. 1947 жылы партияға кірген. Аудандық партия комитетінде нұсқаушы, жалпы бөлім меңгерушісі, кейін Ақкөл кеңшарында партия ұйымының хатшысы болды. Жұбайы Батима Әбдішқызы екеуі ұл-қыз өсіріп, немере көрген жандар. Жауынгерлік бірнеше орден, медальдері бар. 1971 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. 1986 жылы 6 мамырда Торғайда дүниеден өтті.

Авторы: баласы Есенов Рашит Касилович