Хабар телеарнасы
Берік Уәли

КЕМЕЛБЕК БАҚТЫҒҰЛҰЛЫ ОЙШЫБАЕВ

«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы

Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Қазақ гуманитарлық-заң университетінде білім алған. Сонымен қатар Geneva Business School (Швейцария) МВА бағдарламасын тәмамдады.
Еңбек жолын «Столичное обозрение – Атамұра» газетінен бастап,  «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігінде тілші болды.
2015-2016 жылдары «Қазмедиа орталығы» Басқарушы компаниясы» ЖШС-де, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде басшылық қызметтер атқарды.
2016-2017 жылдары - «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасы;
2019-2020 жылдары - «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма Төрағасы;
2020-2022 жылдары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі;
2022-2023 жылдары - «Ұлттық Медиа Қауымдастығы» ЗТБ төрағасы;