Фильм туралы

«Көкжал» телехикаясы: дс-бс, 22:15

Kokzhal Kokzhal

Ербол – кішкентайынан анасынан айырылып, әке қамқорлығында қалған қарапайым бала. Ана махаббатын көрмегендіктен болар, өмірге өкпелі ол өте тұйық болып өседі. Өз ауылындағы мектептердің бірінде білім алатын Ерболды сотқар оқушылар үнемі бопсалап, ақша талап етеді.

Көп ұзамай бас кейіпкер өз өмірін өзгертетін шешім қабылдайды. Ауыл бұзақыларынан шаршаған ол спортқа бет бұрады. Оның арманы – ережесіз жекпе-жектің майталманы болу. Бірақ бәрі ойлағандай оңай болмайтынына көзі жетеді. Мақсатына жетер жолда талай қиындық пен кедергілер кездеседі. Ерболдың арманы орындала ма? Өмірінің қиын кезеңінде оған тіреу болар кім?

Қатыгез орта, тағдыр тауқыметі мен мөлдір махаббатты бейнелейтін шытырман оқиғалы «Көкжал» телехикаясы «Хабар» арнасында.