Хабар телеарнасы

«Шашу» комедиялық телехикаясының алдын ала көрсетілімінен фоторепортаж

Шашу телехикаясы

21 қараша күні «Хабар» Агенттігінің тапсырысымен түсірілген «Шашу» комедиялық телехикаясының алдын ала көрсетілімі өтті.

32 сериядан тұратын жаңа телехикаяны 26 қарашадан бастап сағат 18:45-те «Хабар» арнасының эфирінен тамашалай аласыздар!

Телесериалдың басты кейіпкерлері Арман мен Аида шетелде білім алып, сол жақта табысып, отбасын құрған. Ұлдары Алан 3-сыныпта оқиды. 10 жылдан астам уақыт АҚШ-та тұрып жатқан «шетелдіктердің» бір қалыпты өмірін Науат апаның хабары өзгертеді.

Анасының шұғыл хабарын естіген Арман Аида мен Аланды ауылға барып келуге көндіреді. Алайда олардың туған елге сапары өздері ойлағандай тез аяқтала қоймайды.

Толығырақ: https://khabar.kz/kz/ba-darlama/apy-alma-yzdar/item/108575-shashu-telekhikayasy-26-arashadan-bastap

Кертаев Ринат Думанович