Хабар телеарнасы

Польша. Мұсылман татарлары. Грюнвальд шайқасы. «Бабалар ізімен»

Ерте дәуірдегі сақ-ғұн бірлестігі, орта ғасырлардағы Түрік қағанаты мен Дешті Қыпшақ, бергі замандағы Қазақ хандығы – соның айғағы. Сол алпауыт одақтардың жалғасы ретінде құрылған Қазақ елінің тарихы өзге де шежіре жолдарымен шекаралас.

Поляк халқы қазақ үшін жат жұрт емес. Тым әріге кетпей-ақ ХХ ғасырда орын алған түрлі тарихи оқиға арадағы байланысты арттыра түсті. Екі ел арасындағы қарым-қатынасты тереңірек зерделеу барысында «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы Польшаға жол тартты.