Хабар телеарнасы

«Сондай да бір күн болған...» деректі фильмі /Әбдіжәміл Нұрпейісов/

22 қазан – қазақ руханиятының мейрамы. Әдебиетіміздің асқаралы биігі Әбдіжәміл Нұрпейісов 95 жасқа толып отыр.

Әбдіжәміл Нұрпейісов – XXI ғасырдағы қаламгерлердің көшін бастап тұрған ұлы жазушы. Оның шығармалары – Отанымыздың ғасырлық тарихының айнасы. Бір дәуірдің тарихын көркем сөзбен кестелеген оның туындылары ұлы дала ұлтының рухани туына айналды.

Осы айтулы датаға орай «Хабар» Агенттігі арнайы түсірген «Сондай да бір күн болған...» деректі фильмін тамашалаңыздар.