Хабар телеарнасы

«Бір туынды тарихы» циклі: «Жезкиік» деректі фильмі

Киік – кең даланың киесі. Киік – көркіне көз тоймайтын сұлулық символы. Мөлдіреген қос жанары жаһан төңкеріліп тұрғандай тұп-тұнық. Киік – қасиетті аң, кепиетті жануар. Қазақтың бұл қасиетке құрметі «киіктің асығындай», «киіктің құралайындай» деген екі-ақ ауыз сөзге сыйған. Сол қасиет-қадірді арқалаған аң жер жүзінің қазағы бар аймақтарын ғана мекен ететінін біреу білсе, біреу білмесі мүмкін.

Осы киелі жануарға арналған «Жезкиік» әні қалай туды? Эпикалық кең тынысты туынды «Бір туынды тарихы» циклінде!