Хабар телеарнасы

«Бір туынды тарихы» циклі: «Бандыны қуған Хамит» деректі фильмі

Осыдан тура 40 жыл бұрын жарық көрген Абдолла Қарсақбаевтың «Даладағы қуғын» фильмінің ел арасындағы екінші атауы – «Бандыны қуған Хамит». Бұл туынды Сәкен Сейфуллиннің «Бандыны қуған Хамит» деп аталатын әңгімесі желісімен түсірілген.

Шындыққа құрылған әңгіме қалай фильмге айналды? Әңгіме мен киноның арасында қандай байланыс бар? Кино қалай түсірілді?

«Бір туынды тарихы» циклінен тамашалаңыздар!