Бір сәт

«Бекзат» көркем фильмінің жабық көрсетілімінен фоторепортаж

Елордамызда «Хабар» Агенттігінің тапсырысымен түсірілген «Бекзат» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Картина Сидней Олимпиадасының чемпионы марқұм Бекзат Саттархановтың өмірі мен спорттағы жетістігі туралы суреттейді. Шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, журналистер мен блогерлер, спортшылар мен өнер иелері, сондай-ақ актерлер құрамы қатысты. Бекзат Саттархановтың ата-анасы бұл көрсетілімге арнайы Түркістаннан келді.

Туынды режиссері Мұрат Бидосов, сценарийін Сержан Закерұлы жазған. Фильмнің түсірілім жұмыстары Түркістан, Алматы және Ыстамбұл қалаларында өткен. Басты рөлді жас актер Самат Әзімқұлов ойнайды. Сонымен қатар туындыдан Ғалымбек Оспанов, Мұрат Жарылқасынов, Майра Мақұлбекова, Дулыға Ақмолда, Қуаныш Мұқатай, Бақдаулет Шаймахан және басқа да актерлерді көресіздер.

«Көркем фильм Бекзаттың ізін қуған жастарға жігер беруі тиіс», – дейді идея авторлары. Туындының толықметрі қалың көрерменге қазан айында жол тартады.

WhatsApp-Image-2019-07-04-at-14.20.32-1
WhatsApp-Image-2019-07-04-at-14.20.32
WhatsApp-Image-2019-07-04-at-14.20.33-1
WhatsApp-Image-2019-07-04-at-14.20.33
WhatsApp-Image-2019-07-04-at-14.20.34-1
WhatsApp-Image-2019-07-04-at-14.20.34
WhatsApp-Image-2019-07-04-at-14.20.35
WhatsApp-Image-2019-07-04-at-14.20.36
WhatsApp-Image-2019-07-04-at-14.20.37
WhatsApp-Image-2019-07-04-at-14.20.38-1
WhatsApp-Image-2019-07-04-at-14.20.39-1
WhatsApp-Image-2019-07-04-at-14.20.39
WhatsApp-Image-2019-07-04-at-14.20.40-1
WhatsApp-Image-2019-07-04-at-14.20.40
WhatsApp-Image-2019-07-04-at-14.20.41