Деректі фильмдер

«Ел мерейі – Ержан» деректі фильмі

«Ел мерейі – Ержан» деректі фильмі

Қайталанбас дауысымен атағы әлемге танылған жас әнші Ержан Максим көпшілікті таңғалдырды. Бұл – даралық. Ол даралықты бүкіл әлем де мойындап үлгерді. «Қазақстанның абыройын әлемге асқақтатамын» деген арманы жас талантты мұзарт шыңдарға жетелері анық.
Кішкентайынан талапты болып өскен Ержаннан ата-анасы да тума дарын мен тылсым күшті сезген. Көзіндегі жалынды аңғарған ұстаздары қандай естеліктер айтады? Ал тыңдармандары мен жанкүйерлері, кәсіби музыканттар Ержан туралы қандай пікірде? Әнші қандай ортада өсті?
«Ел мерейі – Ержан» деректі фильмінде!