Хабар телеарнасы

Қаныш Сәтбаев. «Қазақтың Қанышы». «Тарих. Тағдыр. Тұлға»

Ол – қазақ ғылымының атасы, қазақтан шыққан тұңғыш инженер-геолог. Оның есімі Иссак Ньютон, Михаил Ломоносовтармен қатар аталады. Ол бар ғұмырын туған ұлтының тірлігін түзеуге сарп етіп, артында сөнбес сәуле, өшпес із қалдырды. Көзі тірісінде аңызға айналған ұлы тұлғаның еңбегін халық ұмытпақ емес, ұлықтайды!

Дархан дала дарабозының туғанына 120 жыл толуына орай Қаныш Сәтбаевтың ғибратқа толы ғұмырына негізделген «Тарих. Тағдыр. Тұлға» циклін назарларыңызға ұсынамыз!