Хабар телеарнасы

«Жауынгер». Ұлттық ұлан

Ашық аспан, бейбіт өміріміздің тірегі – жауынгерлер. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның армиясы ата-бабаларымыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасы. Ұлттық ұлан – тәуелсіздігіміздің тірегі, егемен еліміздің қорғаны. Сонау ықылым заманнан бері тарихта жау іздемеген халық болсақ та, өз еліміздің асыл мұраттарын қорғауда алдына жан салмайтын ұлы елміз. «Жат елдің жақсысы болғанша, өз еліңнің сақшысы бол» деген атадан қалған дәстүрді берік ұстанған, мемлекетіміздің қауіпсіздігін нығайтуға үлесін қосып жүрген Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімі туралы «Жауынгер» бағдарламасынан көріңіздер!