Хабар телеарнасы

Түркиядағы отандастар «Желтоқсан құрбандарын» еске алды

Түркияда білім алып жатқан отандастар Қазақ елінің азаттығы жолында бастарын бәйгеге тіккен «Желтоқсан құрбандарын» еске алды. Анкарадағы қазақстандық студенттердің бірлестігі дайындаған «Азаттық дастаны» атты әдеби-сазды қойылымды Түркия астанасының тұрғындары мен қала меймандары тамашалады. Іс-шарада сол кездегі қыз-жігіттердің өмірін қиған желтоқсан ызғары жайлы тың мәліметтер айтылып, Желтоқсан оқиғасы театрландырылған қойылыммен жеткізілді. Іс-шара аясында Тәуелсіздік үшін құрбан болған жастардың рухына құран бағышталды. 

Бекзат Бекболат, студент:
-Тәуелсіздік күніне арнайы «Азаттық дастаны» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырды. Осындағы қазақ студенттерді, түрік достарымызды, барша шетелдік студенттерді шақырып, Қазақ елінің азаттық жолындағы күресін, тарихын және бүгінгі хал- ахуалын көрсетіп шықтық.