Хабар телеарнасы

Өзбекстанға барған қазақстандықтар 30 күнге дейін тіркеусіз жүре алады

Сәйкесінше өзбек ағайындар да елімізге осынша уақытқа тіркеусіз кіруге мүмкіндік алып отыр. Бүгін Мәжілісте екі ел арасындағы келісімді ратификациялау туралы заң қабылданды. Ал сапарын одан ұзақ мерзімге жоспарлағандар уақытша есепке тұруы керек. Бұған дейін азаматтар тіркеусіз тек 5 күн ғана бола алатын. Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің сөзінше, жаңа құжат екі ел арасындағы экономикалық, іскерлік байланысты нығайтуға сеп болады.

Ержан Сәденов, ҚР Ішкі істер министрі:
-Мерзім аяқталғаннан кейін уақытша есепке тұруға міндетті. Негіздері — жұмыс істеу, емделу, оқу, отбасымен бірігу, бизнес жүргізу. Осылайша біз көші-қонды бақылаймыз. Бірақ олардың болу мерзімі 6 айдың ішінде 90 күннен аспауы керек.