Хабар телеарнасы

Елімізде салынатын «жайлы мектептің» саны азаймақ

Елімізде тозығы жеткен мектеп саны 177 болса, 65-і апатты жағдайда. 143 мектеп үш аусым бойынша білім алуда. Оның басым бөлігі Алматы облысында шоғарланған. Облыстық басқарма басшысының мәлімдеуінше, Самрұқ қазына қоры жайлы мектеп жобасының аясында нысан тізімін қысқарту туралы талап қойған. Мәжіліс депутаттары бөлінген қаржы монополистердің талан-таражына түспеуін қадағалауды ұсынып отыр. Енді жоба бойынша өткен тендердің қорытындысы6 қанша фирманың жеңіп шыққаны арасында олигархиялық топ өкілдері бар ма, толық тексерілмек.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-«Ол тізім дұрыс болмаған. Ондай қажеттілік жоқ. Сондықтан келісіп жатырмыз» деген ақпарат бар. Ол тізім дұрыс болмаса, оны дәлелдеп айту керек. Мектеп керек жоқ. Керек жоқ болса, оны шын мәнінде кесу керек. Үкіметтің қаражатын, бюджеттің қаражатын біз тиімді пайдалануымыз керек