Хабар телеарнасы

Білім гранттарына өтініш қабылдау басталды

Еліміздегі жоғары оқу орындары білім грант конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдауды бастады. Талапкерлер құжаттарын еGov арқылы онлайн форматта немесе дәстүрлі түрде қабылдау комиссиясына барып, өтініштерін тапсыра алады. Биыл бакалавриатқа бөлінген гранттардың 60% техникалық мамандықтарға беріледі. Алғаш рет ауылшаруашылық және инженерлік бағыттарды қолдау мақсатында пилоттық режимде арнайы квота бөлінді. Ал педагогикалық квота 47% дейін ұлғайтылды. Мемлекеттік гранттардың басым бөлігі инженерлік, өңдеу, құрылыс саласында. Олардың саны 18 мыңнан асады. Педагогикалық ғылым 12 560 болса, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар үшін грант 10 мыңнан астам. Математика және статистикаға бөлінген грант саны — 7 388. Серпін бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 653 грант бөлінген.