Хабар телеарнасы

Тараздық оқушы «Төзбе» қосымшасын ойлап тапты

Таразда 10-сынып оқушысы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қосымша ойлап тапты. Нұрболат Ізтілеу «Төзбе» деп аталатын туындысын 1 жыл бойы дайындаған.сБұған дейін елімізде мұндай мобильді қосымшаның аналогы болмаған», - дейді ол. Жасанды интелектіге негізделген жоба зардап шеккен адамға психологиялық және заңгерлік көмек беріп, құқық қорғау органдарымен байланыстыра алады.

Оған қоса басты бетте зардап көрген жанды сабасына түсіріп, түрлі кеңестер беретін бейнематериалдар бар. Жобаға Қазақстанның заңбұзушылық картасы енгізілген. Және әр облыстағы дағдарыс орталығының байланыс нөмірлері көрсетілген.

Нұрболат Ізтілеу, 10-сынып оқушысы: 
- Біз өзіміздің «Төзбе» жасанды интелект сайтына электронды кітапхана қойған болатынбыз. Сол кітапхана бойынша құқық бұзушылыққа ұшыраған немесе сайтқа кірген адамдар біздің қазақ қоғамында қазақ тарихында әйел саясаты, гендерлік саясат қандай болғанын және де ұлттық құндылықта бұл жағдай қалай қаралып жатқанын көре аламыз.

Зерттеу барысында біз көптеген сауалнама жасадық. Көптеген әйел кісілер мен ер кісіден сұраған кезде «Сіз осы тұрмыстық құқық бұзушылыққа ұшыраған кезде не істеу керек екенін білесіз бе?» деген кезде. «Қайда бару керек екенін білесіз бе?» деген кезде «Жоқ» деп жауап берген болатын. Дәл осы себептермен біз картаға енгізген болатынбыз. Бастырма басқан кезде әр облыстың дағдарыс орталығы шығатын болады.