Хабар телеарнасы

Смайылов: Электрондық коммерцияны қолдау үшін бәрін жасауымыз керек

1,5 трлн АҚШ доллар. Бұл Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің осы жылы электрондық саудадан тапқан табыс көлемі. Аталмыш коммерция түрін қолдау шаралары жалғасуы керек. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Бішкекте өтіп жатқан ұйымға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің 22-ші отырысында айтты. Бұған қатысты нақты ұсынысы да бар.

Ең алдымен кедендік рәсімдерді жеңілдету қажет. Бұл сұрақты осы саланаың басшылары бірлесіп пысықтағаны жөн. Сондай-ақ өзара есеп айырысуда ұлттық валюталардың үлесін арттыру және «Астана» халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін белсенді пайдалануға шақырды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі: 
- Электрондық сауда келешегі зор салалардың біріне айналып отыр. Біз оны дамыту үшін қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» жаһандық жобасын жүзеге асыруға белсенді қатысып келеді. Сондай-ақ біз жүк транзитін арттыруға және «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» теміржол қатынасының табысты жұмыс істеуіне мүдделіміз.