Хабар телеарнасы

Көкөніс бағасы қымбаттамауы үшін қандай шаралар қабылдануда?

Елімізде қарақұмық жармасы, пияз, күнбағыс майы, ұн және басқа да өнімдердің баға индексі үш апта қатарынан төмендеп келеді. Әрі қарай да бағаны тұрақты ұстау үшін Үкімет Өзбекстан және Тәжікстан жеткізушілерімен жасалатын келісімшартты пысықтады. Енді Қазақстан нарығына делдалдар «жасыл дәліз» арқылы және алыпсатарларсыз төмен бағамен жеткізеді.

Мәселен, 2 060 тонна картоп пен 1 940 тонна пияз жеткізуге шарттар жасалды. Премьер-министр келісімшарттар бойынша өнімнің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Ал қазір қорларда қалған 81 мың тонна көкөніс өнімдері пайдалануға берілді.

Маусымаралық кезеңде олардың бағасы қатаң бақыланады. Мәселен, жыл басынан бері тауарлық үстеме бағаны асырған 732 фактіні анықтап, 1 мыңнан астам әкімшілік іс қозғалды.

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:
- Алдағы 2-3 айда көкөніс бағасының ауытқуына жол бермеу үшін Үкімет Өзбекстан және Тәжікстанмен ең қолайлы бағалар бойынша тікелей келісімшарттар жасадық. QazTrade арқылы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларымен келісімшартқа отырамыз. Әкімдіктер кемінде 18,6 мың тонна картоп, 7,2 мың тонна сәбіз және 5 мың тонна пияз алуға келісімшартқа қол қоюы керек.