«Елі ерлерін ұмытпайды!». Осындай атаумен Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына кітап дайындалуда.
Жаңалықтар
Жеңістің 70 жылдығына орай «Біз – Жеңіс ұрпағымыз!» атты республикалық шара елімізде жалғасын табуда. Мақсат – соғыс ардагерлерінің ерлігін кейінгі ұрпаққа жеткізу.
Енді Алматыда тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері бір түймені басып, жедел жәрдем мен құтқару қызметін шақырып, басқа да көмекке жүгіне алады.
Павлодар қаласында «Аталар, ардагерлер, немерелер – із кесушілер» мемориалдық мұражайы жаңғыртылып, келушілерге есігін айқара ашты.
Немістер зұлмат соғыс жылдарында Надежда Мельникованың отбасын түгел өртеп жіберіпті.
Сұлулық пен сәндік жас талғамайды. Сондықтан Өскеменде Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне күтпеген сый жасалуда.
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында «70 күн – 70 игі іс» деп аталатын марафонды бастады.
Ақмола облысында Жеңістің 70 жылдығына орай, Целиноград ауданы Оразақ ауылындағы бұрынғы Бейбітшілік көшесіне Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдуәли Тоқбаев есімі берілді.
Ақмола облысының Зеренді ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Федор Играев баспаналы болды.
Ұлы Отан соғысында Алматы облысының ерекше ерлік көрсеткен 54 азаматы Кеңес одағының Батыры атағына ие болған.
Павлодардың 55/12 әскери бөлімінде Жеңістің 70 жылдығына орай ардагерлерге сый-құрмет көрсетілді. Қан майданда қаймықпай соғысқан қайсар тұлғалар жас жауынгерлердің дайындығын байқап, өсиет-өнегелерін айтуды да ұмытпады.
«Біз - Жеңіс ұрпағымыз» республикалық әскери-патриоттық эстафетасы Петропавл қаласына жетті. Әйгілі 72 гвардиялық атқыштар дивизиясы жалауының көшірмесі осындағы 66/37 әскери бөліміне тапсырылды.
Көкшетауда Жеңістің 70 жылдығына орай айрықша іс-шара өтті. Қаладағы 55/10 әскери бөліміне Ұлы Отан соғысында шайқасқа қатысқан ақмолалық 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы әскери жалауының көшірмесі салтанатты түрде табыс етілді.
Оралда әскерилер Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетті. Жасы 90-ға келген Екатерина Крылова Қызыл Жұлдыз орденінің кавалері, медицина қызметінің капитаны.
Павлодарлық соғыс ардагерлері Жеңістің 70 жылдығын қайта жөнделген өз пәтерлерінде қарсы алмақ. Былтыр мердігерлер жүзден астам қарияның баспанасын қайта жаңартып шығыпты.
Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай, Шығыс Қазақстанда соғыс ардагерлеріне үлкен қолдау көрсетілмек.
«Ұзақ жасаймын» десең, еңбек ет. Бұл – Жамбыл облысы, Аса ауылында тұратын жасы 104-ті еңсерген Күлбараш Сүгірованың пікірі.
Елімізде байрағын желбіреткен әскери патриоттық эстафета жалғасуда. 92 күн ішінде «Жеңіс таңбасы» Қазақстанның барлық аймақтарын айналып шығады.
Ұлы Отан соғысының ардагері Хасан Борамбаев Талдықорғандағы десанттық-шабуылдау бригадасына жиі келеді. Мұндағылар оны өздерінің құрметті ақсақалы әрі ақылшы ұстазы ретінде сыйлайды.
Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің денсаулығы әркез дәрігерлердің бақылауында. Қазір Оралдағы емханалардың барлығында майдангерлер үшін арнайы жасақталған кабинеттер жұмыс істейді.