Хабар телеарнасы

МӘМС коронавируспен ауырғандардың көбі дәріні өз ақшасына алғанын мойындады

newtimes.kz

Бұл туралы бүгін Әлеуметтік сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов мәлімдеді. Айтуынша, ауыр дәрежедегі коронавирусқа шалдыққан әр пациентті емдеу үшін 1,7 млн теңге қарастырылған. Егер дерт асқынуы орташа деңгейде болса, 446 мың теңге беріледі. Ал жеңіл дәрежедегілерге 292 мың теңге бөлу көзделген. Қор өкілдері бұған дейін науқастардың көбі қажетті дәрі-дәрмек өздері сатып алғанын растады. Енді хаттамада бекітілген барлық препарат ұйым тарапынан сатып алынады. Ол үшін «СҚ-Фармация» компаниясымен келісім жасалып, дәрілердің сомасы 100% төленді.

Сондай-ақ Қор басшысы: «Эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда індетпен күресуге қосымша 110 млрд теңге бөлінуі мүмкін», – деді. Ал қор тарапынан тағы 140 млрд қарастырылып отыр.

Болат Төкежанов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы:

- Көптеген қазақстандық коронавирус пен өкпе қабынуына шалдыққанда диагностика мен дәрі-дәрмекке өз қаражатын жұмсаған болатын. Енді біз ауырып шыққандарды оңалтуға қаржы бөлмекшіміз. Қазір ем жүргізу алгоритмдерін әзірлеп жатырмыз. Біз емхана деңгейінен бастап Оңалту орталықтары мен санаториялық-курорттық ұйымдарға дейінгі барлық деңгейдегі көмек түрлерін қарастырамыз.