Хабар телеарнасы

Премьер-Министр Түркістан облысындағы жаңа инвестициялық жобалармен танысты

Жаңа электр станцияларын іске қосу энергия тапшылығын азайтуға мүмкіндік берсе, аграрлық нысандардың салынуы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. Сонымен қатар оңтүстік өңірде «Қасқасу» туристік кешені салынады. Онда күніне 4 мыңға жуық адам демалатын болады. Сондай-ақ биыл облысты дамытуға республикалық бюджеттен 367 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылып отыр.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
-Оқу-ағарту министрлігі мен Түркістан облысының әкімдігі Түркістан облысының демографиялық өсімін ескере отырып, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы арқылы салынатын мектептердегі оқушылар санын ұлғайту бойынша қажетті шаралар қабылдасын. Сонымен бірге Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біз тағы да мынау коррупционерлердің есебінен түскен қаражатты қосымша сол мектептерді соғуға бағыттаймыз.