Хабар телеарнасы

Еріктілер Түркияда зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинап жатыр

«Ұлттық волонтёрлер желісінің» есепшотына бір күннің ішінде 4 милионнан астам қаржы түскен. Бұдан бөлек Түркия елшілігінен ашылған қорға кешеден бері қазақстандықтар 110 мың доллар ақша жинаған. Ал далада қалған бауырлас халыққа 100 киіз үй жібереміз деген қайырымды жастар 20 млн теңге қаржы жинады. Енді бұл қаражатқа 50 киіз үй сатып алынады. Ал қалған 50 қазақ үйін отандық кәсіпкерлер өз мойнына алып отыр. Бірақ өкінішке қарай Түркияда осы дүрбелеңді пайдаланып, түрлі жалған аккаунттармен ақша жинайтындар көбейіп жатыр екен. Мамандар тек ресми органдардың сенімді ақпарат көздеріне сүйену керегін ескертеді.