Хабар телеарнасы

Шымкенттегі ғимараттар сейсмикалық тексеруден өтті

Инженер-сейсмологтар қаладағы панельді үйлерді сынап көрді. «Тұран» шағын ауданында салынып жатқан мына көпқабатты үй 7 баллдық жер сілкінісіне шыдас берді. Сынақ кезінде ғимарат ішінде біздің түсіру тобымыз да болды. Қырғызстан мен Өзбекстаннан арнайы шақыртылған мамандар жағдайды сырттан бақылады. Шынайылық үшін пәтерлердің біріне үй жиҺаздары мен тұрмыстық техникалар қойылған. Алғашқы дүмпу кезінде ыдыс-аяқтар сынып, ескі тоңазытқыштың есігі топсасынан жұлынып қалған. Дегенмен ғимарат бүтін, қабырғалары жарылмаған. Инженерлер бұған дейін қаладағы өзге де ғимараттарды сынақтан өткізіп, 458 көпқабатты тұрғын үй сейсмикалық талапқа сай емес деген қорытынды шығарған.

Ералы Шоқпаров, Қазақ құрылыс, сәулет, ғылыми-зерттеу және жобалау институтының өндіріс жөніндегі директоры:
-Енді проектілік-сметалық жоба бойынша 7 баллдық аймақ Шымкент қаласы. Сол 7 баллға сынақ өткізілді. Біз мына сынақ біткеннен кейін 2-3 ай уақыт кетеді. Бүкіл жасалынған мына ғимараттың ішінде 100-ден аса датчиктер орналасқан. Сол компьютерге қосылған. Сол датчиктердің данныйларын алып, біз сосын қорытынды береміз.

Ұлықбек Бегалиев, Қырғызстанның сейсмикалық берік құрылыс қауымдастығының президенті:
-Біз Бішкектен осы 9 қабатты үйді вибросынақтан өткізуге келдік. Біз әбден ҚазҒЗИ-дің осындай испытаниелерді өткергендігіне қуаныштымыз. Себебі натурный испытание бұл көп жұмысты талап қылады.