Хабар телеарнасы

Жыл басынан бері МӘМС бойынша 386 млрд теңгеден астам қаражат түскен

Жыл басынан бері міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша 386 млрд теңгеден астам қаражат түскен... Бұл туралы қор мамандары «Ақ жол» фракциясының депутаттарымен кездесуде айтты. Қазіргі таңда елде медициналық сақтандырылған азаматтардың саны 16,4 млн-ға жеткен. Тиісінше депутаттар оларға көрсетілетін қызметтерді бақылау керек екенін жеткізді. Өйткені ем қабылдау сапасынан бөлек күту үзілістері де көбейген. Қор мамандары бұған қаржы айналымдары себеп деп отыр. «Тиісінше қаржыны мемлекеттік ауруханаларға емес жеке клиникаларға теңдей бөлу де маңызды», — дейді мамандар. Саланы цифрландыруда да кедергілер бар. Оны жою үшін енді «Е-Денсаулық» бірыңғай платформасы іске қосылмақ. Төлем және тариф белгілеу процестерінен бөлек, тұтынушылар шоттарындағы ақша қозғалысын бақылай алады.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Өзі таңдауға құқылы болу керек. Қай дәрігер, қай клиника.. МӘМС-ті нағыз нарықтық жолға салуымыз керек. Әрбір адам өз денсаулығы үшін өзі жауапты. Өзі төлейтін төлемдерді әрбір адам жеке дербес шотына жинау керек.