Хабар телеарнасы

Ұлытау облысында 9 мектеп салынады

2 білім ошағының жанынан спорт залы бой көтермек. Бұл бастама өңірдің білім беру жүйесін дамытудың жол картасы аясында жүзеге асырылмақ. Құжатты оқу-ағарту министрлігі мен облыс әкімдігі бекітті. Бағдарламаға сәйкес, 2029 жылға дейін 80-нен аса іс-шараны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланған. 111 мектеп жөндеуден өтіп, робототехника, химия, биология, физика, STEM пәндік кабинеттері қажетті құралдармен жабдықталады. Ал инклюзивті білім беруді дамыту үшін Жезқазғанда аутизм орталығы салынады. Сонымен қатар мектептердің жанынан 71 арнайы кабинет ашылмақ. Білім сапасын арттыру бағытында 13 мыңнан астам педагог біліктілік арттыру курстарынан өтеді. 

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
-Жол картасы Ұлытау өңірінің қарқынды дамуына, білім саласында алдыңғы қатарлы өңір болатындығына осы жол картасының септігі тиеді деген үміттеміз