Хабар телеарнасы

«Парасат» байқауы: үздіктер марапатталды

Сенатта журналистер арасындағы «Парасат» байқауының лауреаттары марапатталды. Жоғары палата төрағасы Мәулен Әшімбаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Бұл байқауға қалалар мен өңірлердегі телеарна, радио, газет, ақпарат порталдарынан 100-ге жуық журналистік жұмыс ұсынылған. Үздік телевизия, радиоматериал, интернет-басылым, әлеуметтік желілердегі үздік жазба бойынша жеңімпаздар анықталды.