Хабар телеарнасы

Оралда 200-ге жуық абонент жарықсыз отыр

Өңірде екі күн қатарынан күшті жел тұрып, нөсер жауын жауған. Салдарынан 5 мыңдай абонент жарықсыз қалған еді. Электр желілеріндегі апатты жоюға 8 бригада мен 10 бірлік техника жұмылдырылған. Жарық болмаған соң сорғы стансалары да істен шығып, кейбір шағын аудандар сусыз қалған еді. Тіршілік нәрі қалыпты режимде беріле бастады. Электр желілері де біртіндеп іске қосылуда. Ал 8 көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесі мен ауласындағы шалшық суды сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Алмат Ашықов, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары:
-Тұрғындарға ауызсу берілді. «БатысСуАрнасы» мекемесі тарапынан авариялық бригадалар қалыпты жағдайда жұмыс жасап жатыр. Зачаганск кентінде жертөлелерді су басу мәселесі бойынша жергілікті атқарушы орган тарапынан техникалар жұмылдырылған.