Хабар телеарнасы

Елімізде заңсыз қоқыс алаңдары көбейіп барады

Елорданың өзінде ғана мұндай алаңдардың саны 500-ден асып кеткен. Олардың 90% құрылыс нысандарынан қалған. Мамандардың айтуынша, 2017 жылы 190 мың тонна қалдық қала сыртына шығарылса, биыл бар-жоғы 50 мың тоннаға жуық қоқыс тазаланған. Ал құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Экобелсенділердің айтуынша, құрылыс қалдықтарының топыраққа, ауаға және жерасты суына тигізер зияны көп. Жалпыұлттық-социал демократиялық партиясынан сайланған депутаттар жергілікті орган өкілдерімен кездесіп, осы мәселені талқылады. Мамандар «сергек» қойып, бақылау керек дегенді алға тартады. Алайда партия өкілдері бұл ұсынысты қолдамай, заңнамалық өзгерістер қажет дейді.

Талғат Омаров, ЖСДП қалалық филиалының төрағасы:
-Сергек шешпейді. Бүгін мына жерде охват жасаса ертең 500 метр мына жерге төгеді. Оны түсірмейді ғой. Біздің франкцияға ұсыныс береміз. Снифтарға өзгеріс енгізсін деп орталыққа ұсыныс береміз. Акиматқа да ұсыныс береміз.