Хабар телеарнасы

Петропавлдағы құбыр құрылысы қашан аяқталады?

Петропавлдағы жылу электр орталығында құлаған құбырдың 31 метрі салынды. Оның құрылысына 60 маман жұмылдырылған. Екі бригада тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Жоба бойынша түтін мұржасының ұзындығы 180 метр, ал қабырғасының қалыңдығы 60 сантиметр. Қазір жылу электр орталығында қазандықтар да жөнделіп жатыр. Жалпы биыл әбден ескірген кәсіпорынды қалпына келтіру үшін 12 млрд теңге инвестиция құйылады.

Олег Перфилов, «СевКазЭнерго» АҚ бас директоры:
-Қазір құбырдың қабырғасы тәулігіне шамамен екі жарым метрге көтеріледі. Осылайша темірбетон бағанды қыркүйектің соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар түтін шығару қондырғылары да салынып жатыр. Қажет болса, қараша айында кейбір жылу қазандықтары жаңа құбырға қосылады.