Хабар телеарнасы

Көші-қон үдерісін реттеудің бірыңғай жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Бұл соңғы онжылдықта қалыптаспаған оң өзгерістерге ықпалын тигізбек. Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың айтуынша, жаңа тұжырымдама білім, бизнес иммиграциясын дамытуға бағытталады. Бұдан бөлек сырттан жұмыс күшін тарту, қандастардың өтініштерін бір терезе қағидаты бойынша қабылдау, қоныс аудару квоталарын реттеуге мол мүмкіндік береді.

Жұмыс күші аз аймақтарды теңдестіру мақсатында биыл 4 мың 500 азамат солтүстік өңірге қоныс аударады. Жыл басынан бері Қазақстанға 13 мың 569 қандас келген. Оның 8 мың 547 еңбекке қабілетті. Сондай-ақ енді елде кәсіп бастаймын деген шетелдікке инвестор визасы беріледі. Тиісінше Әлихан Смайылов заңсыз көші-қонмен күресті күшейтуді, елге IT мамандарын тартуды, шетелдік университеттермен байланысты кеңейтуді тапсырды.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі: 
- Тек қана 300 мың доллар алып келмейді ғой. Бізде мысалы, мамандар тізбесі бекітілген. Креативный экономикада оның тізбесі бекітілген. Сол салаларға қаражат салатын болса, сол салада өз елінде жетістіктері болса онда ол бизнесмендерді шақырылады. Кез келген адам 300 мыңды құйып өте бермейді.