Хабар телеарнасы

Елімізде биыл қызылша дендеп барады

Инфекциялық ауру демекші, елімізде биыл қызылша дендеп барады. Аурудың жедел тарау себебін Сенат қабырғасында бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиев түсіндірді. Оның сөзінше, науқас саны 11 мыңнан асып түссе, оның 83% 14 жасқа да толмаған. Сырқаттанғандардың 85% екпе алмаған. Бұдан бөлек, «дерттің таралуына қала тығыздығы да әсер етуде. Сондықтан ауру Алматы, Жамбыл облыстары мен Шымкент, Алматы қалаларында өршіп тұр»,— дейді вице-министр.