Хабар телеарнасы

Жамбыл облысында 12 түрлі астан ішек таяқшасы табылды

«Бұл оқушылардың астан улануына себеп болған»,- дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары. Қазір аспаздар жұмыстан уақытша шеттетіліп, ем қабылдауда.

Эпидемиологтардың айтуынша, асханадағы азық-түлік талапқа сай сақталмай, тамақ дайындау технологиясы да бұзылған. Бұған қызметкерлердің қайсысы кінәлі екенін құзырлы орган анықтамақ. Сот кәсіпкерді кінәлі деп тапса, оған 1,5 млн теңгеден аса айыппұл салынады.

Еске салайық, екі апта бұрын Байзақ ауданы, Киікбаев гимназиясының 60 аса оқушысы астан ұшынған болатын. 

Салтанат Әлібаева, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары: 
- Микробиологиялық зерттеудің 24 сынамасын алсақ, оның 12 оң нәтиже көрсетті. Сонымен қатар жұмысшыларға 12 зертеу жүргіздік. Оның үш жұмысшысында да оң нәтиже көрсетті. Сол асханада жұмыс істейтіндер. 80 шайындының 14 шайындысында бактериялық ішек таяқшалары анықталды.