Хабар телеарнасы

Креативті туризмді дамыту үшін қандай жобаларды қолға алған жөн?

Шығармашылық индустрияға серпін беріп, саланы өркендету үшін не істеу керек? Түркістан облысында қандай жобаларға сұраныс жоғары? Осы және өзге де сауалдар «Қазақстандық креативті туризм-2023» халықаралық форумында талқыланды. Шетелдік сарапшылар қатысқан шара барысында озық ойлы жастардың тың жобалары мен идеялары таныстырылды. Креативті индустрия ұғымының аясы өте кең. Ол – шоу-бизнес, кино, эстрада, анимация, көркемсурет, қолөнер және ІТ-жобалар. «Туризм мен креативті индустрияны біріктіру – бұл саланы жаңашыл бағытта ілгерілеуге септігін тигізеді», - дейді мамандар. 

Ахмет Хамди Гювенч, YDA Group бас директоры, Түркия:
- Креативті индустрияны дамытуда жастардың пікірі мен идеясына тәуелдіміз. Бүгінгі форум соның бастамасы деуге болады. Біз жастардың ойын жүзеге асыруға күш саламыз. Ал оны Түркістаннан бастауымыздың да мәні бар. Себебі Түркістан облысы республикада біркүндік келушілер арасында топ-3 кіреді. Одан бөлек сауалнама нәтижелері тағы да қайтып келгісі келетін ТОП-5 бағыттың қатарына енгенін көрсетті.