Хабар телеарнасы

Жамбыл облысында газы бар ауыл көмір жағуға мәжбүр

Ал Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы Өрнек ауылы 10 жыл бұрын газға қосылса да, ондағы тұрғындардың кейбірі әлі күнге көмір жағуға мәжбүр. Себебі газ магистралін жүргізген компания бір көшеге құбыр тартпаған. Тұрғындардың сөзінше, мердігер үйді-үйге құбыр жалғау үшін қосымша қаржы жинаған. Бірақ елді мекен шетіндегі тұрғындардың жағдайы болмай, қалып қойыпты. Әкімдік өкілдері:«Бұл көшеге газ құбырын тартуға қайта қаржы бөлінбейді»,— дейді. Себебі аталған елді мекен толық газдандырылған ауылдар тізімінде тұр. Сондықтан округ әкімі мәселені шешу үшін демеуші іздеп жүр.

Гүлмира Боранбаева, Өрнек ауылының тұрғыны:
-Сендерге біз трассаны да жүргізіп бермейміз әрқайсыларың өз қалталарыңнан жүргізесіңдер дейді. Қайақтың біз өйтіп жүргізетін. Үй суық. Көмір алған жоқпыз. Отынмен от жағып отырмыз.

Айбек Әбішев, Өрнек ауылының әкімі:
-Жеке фирмалардың бәрін алып келдім бұл жерге. Есептеттім бағаларын да, басқасын да шығарып берді. Каждый үйге где то 350-400 мыңның төңірегінде. Бюджеттен ақша қарастырылмаған. Тек қана өздерінің қаражаты есебінен немесе демеуші есебінен кіргізуге жоспарлап отырмыз қазір.