Хабар телеарнасы

Ақмола облысында астық тұқымы тапшы

Көктемгі науқан қарсаңында тағы бір мәселе бас көтерді. Ақмола облысында астық тұқымы тапшы. Қазір аймақта 90 мың тоннадан астам тұқым жетіспейді. Оған былтырғы қуаңшылық пен толассыз жауған жауын себеп болған.  Жергілікті диқандар енді мемлекеттік қолдаудан үмітті. 

Иә, өткен жыл ақмолалық шаруаларға оңай соқпады. Жаз бойы қуаңшылықтан көз ашпаған оларға күздегі жаңбыр жығылғанға жұдырық болды. Ал су астында қалған астық тұқымға жарамсыз. Салдарынан шаруалар биылғы тұқымды сатып алуға мәжбүр.

Евгений Рыжков, шаруа:
-Алдымен тұқым алатын жерді табу керек. Өйткені менің былтыр орып алған дақылым жарамсыз болып қалды. Ал оны алу үшін қомақты қаржы керек. Мен аграрлық несие корпорациясынан несие аламын. Қазір отандық тұқымдар 170 мыңнан басталады. Ал көршілес Ресейдікі 200 мыңнан асып отыр. Қалтамыздағы қаржыға қарай көсілеміз.

Жауапты сала мамандары болса, шаруаларға қолдау көрсетілетінін жеткізді. Яғни тұқым алуға мемлекеттен 7 млрд теңге бөлініп отыр.

Еркеш Әленов, Ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
-Біздің тұқым шығаратын шаруашылықтарымыз бар. Соларда 20 мың тонна тұқым қазір сатуға дайын. Содан кейін азық-түлік корпорациясы бойынша 233 мың тонна үшінші кластық тұқым бар. 150 мың теңге бір тоннасы. Ол резервте тұр. Қай уақытта болсын шаруашылықтар барып сатып ала алады.

Қазір аймақта көктемгі егіс науқанына дайындық қызу. Биыл 5 миллион гектардан астам алқапқа дән сіңіру жоспарлап отыр. Ал көктемгі дала жұмыстарына Үкіметтен 46 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлініп, соның 23 млиллиарды шаруаларға үлестірілді. Ауа райы қолайлы болса, егіс науқаны мамыр айында басталмақ.

Авторлары: Абзал Азаматұлы, Евгений Шинкаренко