Хабар телеарнасы

Батыста су тасқыны қаупі сейілер емес

Жайықтың деңгейі 9,5 метрге дейін көтерілуі мүмкін. Қазірдің өзінде ол қауіпті межеден 12 сантиметрге асқан. Сондықтан вице-премьер Қанат Бозымбаев өзендердің бойындағы топырақ бөгеттерін тағы бірнеше метрге көтеруді тапсырды.

Өзге аймақтардағы жағдайға тоқталсақ... Тағы 5 облыста тасқынмен күрес жалғасып жатыр. Зардап шеккен халыққа көмек көрсетілуде. Еріктілер осы уақытқа дейін 6 мың 600 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинаған. Күні кеше Өзбекстан 300 тонна, бүгін Тәжікстан 3,5 мың тонна осындай жүк жөнелтті. Ал солтүстікте тасқын судың беті қайта бастады. Есіл өзеніндегі су деңгейі төмендеген. Бұған дейін қауіпсіз жерге көшірілгендердің 24 мыңнан астамы үйіне оралды. 9 мыңға жуық адам уақытша орналастыру бекетін паналап жатыр. Тасқын сумен күресу үшін 5,3 миллионнан қапшыққа толтырылған 1,5 млн тонна инертті материал төселді. Құтқару жұмыстарына барлығы 34 мыңға жуық адам мен 5 мыңға жуық техника жұмылдырылды.