Хабар телеарнасы

Маңғыстауда үстірт киігінің саны артты

Өткен айда табиғат қорғау инспекторлары, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесе әуе санағын жүргізген. Нәтижесінде биыл дала жануарларының шамамен 597 мың басқа жеткені байқалды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45% артық. Киіктер көктемде төлдейді. Осы кезеңде браконьерлерден қорғау мақсатында республика көлемінде акция жүріп жатыр.

Ғаббас Досатов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:
-2023 жылы санақ қорытындысы бойынша үстірт популяциясының саны 39 мың басқа жеткен болатын. Қазір одан бірнеше есе көбейгенін біліп отырмыз. Бірақ нақты ақпаратты алдағы уақытта қосымша хабарлаймыз.