Хабар телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Ахметжан Есімовке атқарған белсенді әрі жемісті жұмысына ризашылығын білдірді

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының бұрынғы басқарма төрағасының атқарған белсенді әрі жемісті жұмысына ризашылығын білдірді. Өз кезегінде Ахметжан Есімов Президентке көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін алғыс айтып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқының игілігі жолындағы жұмысына табыс тіледі.