Хабар телеарнасы

ТМД елдерінің ойындары 2023 жылы Беларусьте өтеді

Қатысушылар спорттың 21 түрі бойынша бақ сынайды. Беларусь Премьер-министрінің орынбасары Игорь Петришенко бүгінде мемлекет бұл жарыстарды ұйымдастыруға толық дайын екенін хабарлады. Айта кетейік, алғашқы ойындар 2021 жылы Қазан қаласында өткен еді. Жиында сондай-ақ ТМД елдері серіктестіктің жаңа бағыттарын пысықтады, бірқатар құжаттарға қол қойды. Яғни алдағы уақытта тараптар сауда, гуманитарлық ынтымақтастық, ғылыми-техникалық, химия саласын цифрландыру және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. ТМД Үкімет басшылары кеңесінің келесі отырысы келер жылы Сочиде өтеді.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
- Ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған сындарлы диалог болды. Барлық қатысушы елдердің өкілдері көпжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға мүдделі екенін тағы да расталды. Үкімет басшылары қаралған барлық мәселелерді жүзеге асыру үшін тиісті бағдарламалық құжаттарды қабылдады.