Хабар телеарнасы

Үкімет мемлекеттік жастар саясатын күшейту аясында тиісті қаулы қабылдады

Соған сәйкес NEET санатындағы, яғни кәсіптік білімі жоқ және жұмыссыз жүрген жастарды қолдау жүйелі түрде іске асырылады. Елімізде осы топқа жататындар қатары шамамен 1 миллион 300 мыңдай. Оларға енді жұмысқа орналастыру бойынша бағыт, белсенді көмек беріледі, сондай-ақ өз ісін ашамын дегендерге қаржылай гранттар беріліп, несие түрінде қолдау көзделіп отыр. Еңбек жасақтарын құру да жоспарға алынды.