Хабар телеарнасы

Әшімбаев Тоқаевтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларына тоқталды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларына тоқталды. Палата Төрағасы оларды іске асыру үшін Сенат Мәжіліспен және Үкіметпен бірлесіп әрекет ететінін айтты.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-Мемлекет басшысы өңірлердегі бірінші кезекте шешуді талап ететін мәселелерге Үкіметтің және жергілікті биліктің назарын аударды. Сенат қажетті заңнамалық шешімдерді мәжіліспен және Үкіметпен бірлесіп қабылдайтын болады. Осы бағытта бәріміз бірге нәтижелі еңбек етеміз деп сенемін.