Хабар телеарнасы

Әшімбаев Ұлытау жұртшылығымен кездесті

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ұлытау облысының мәслихат депутаттары, ақсақалдары және жастар өкілдерімен кездесті. «Өңірлердегі өзекті мәселелерді шешу — Сенат пен мәслихаттардың бірлескен жұмысының маңызды бағыты», — деді Палата Төрағасы. Ал аймақтарда түйткіл аз емес. Олардың басым бөлігі инфрақұрылымға, әлеуметтік нысандарға, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына қатысты. Мәулен Әшімбаев Сенаторлар өңірлерді дамыту мәселесін әрдайым назарда ұстап, проблемаларды жүйелі шешуге заңнамалық тұрғыдан ықпал ететінін атап өтті. Ал жергілікті ақсақалдармен кездесу барысында Сенат Төрағасы өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтауға үлкен үлес қосқан аға буынға алғыс білдірді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-Су мәселесі және жол мәселесі. Осы Ұлытау өңірі үшін ең өзекті мәселенің бірі шығар деп түсініп отырмыз. Сол себепті мен өз тарапымнан сіздердің су мәселелеріңізге қатысты жаңа қаржыларды бөлуге келесі жылдың бюджетіне кіргізуге, көмектесуге тырысайын.