Хабар телеарнасы

Жаңа салық саясаты талқыланды

Жылдық табысы 40 млн теңгеден асатын қазақстандықтар қосымша салық төлеуі мүмкін. Ұлттық экономика министрлігі Салық кодексінде осындай өзгерістер енгізбек. Сенаттағы Үкімет сағатында ведомство басшысы жаңа салық саясатын депутаттар және бизнес өкілдерімен талқылады. Мәселен, азаматқа жылына 50 млн теңге жалақы алса, белгіленген межеден артық сома 10 млн теңгенің 15% салық ретінде төлейді. Ал қазір Қазақстанда жылдық табысы 40 млн теңгеден асатын 12 мың адам бар. Яғни олар айына кемінде 3 млн теңгеден астам айлық алып отыр. Бұдан бөлек жер қойнауын пайдаланушылар, қаржы секторы мен ойын бизнесі үшін салық үстемесі жоғарылайды. Ал байлық салығының шектік мөлшері әлі нақтыланбаған.

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:
-Оның шкаласын біз қазір талқылап жатырмыз. Бірақ мен сіздерге шамамен айта аламын. Мәселен, құны 100 млн теңге тұратын автокөлік сатып алдыңыз делік. Міне содан қосымша салық төлеуге міндеттісіз. Тіпті оның біраз бөлігі несие болса да. Дәл сол секілді жылжымайтын мүлік, ұшақ пен яхталар, қымбат әшекейлер мен басқа да түрлі бұйымдардан салық ұсталады. Бұл тұста негізінен импорттық өнімдер айтылып отыр.