Хабар телеарнасы

Астанаға саммитке қатысатын президенттер келіп жатыр

Ертең Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті өтеді. Оған Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, сондай-ақ бақылаушы мемлекет ретінде Мажарстан мен Түрікменстанның көшбасшылары қатысады.

Бүгін елімізге Әзербайжан Президенті келді. Ильхам Әлиев ертең елордада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады.

Ертең өтетін алқалы басқосуға арнайы қатысу үшін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров та Астанаға келді.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған да саммитіне қатысады. Мәртебелі меймандарды елорда әуежайында Премьер-министр Әлихан Смайылов қарсы алды.