Хабар телеарнасы

Каратэден Almaty Open республикалық турнирі өтті. Спорт жаңалықтары

Балалар арасындағы бәсекеде 4 категория бойынша үздіктер анықталды. Ашық турнирге еліміздің әр өңірінен және Қырғызстаннан жалпы 410 жасөспірім қатысты. Медаль саны бойынша 15 алтын иеленген Алматы қаласы топ жарды. Алматы облысы мен Шығыс Қазақстаннан келген жас спортшылар командалық екінші және үшінші орынды иеленді.