Бқо бойынша барлық жаңалықтар
Оралда әскерилер Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетті. Жасы 90-ға келген Екатерина Крылова Қызыл Жұлдыз орденінің кавалері, медицина қызметінің капитаны.
Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің денсаулығы әркез дәрігерлердің бақылауында. Қазір Оралдағы емханалардың барлығында майдангерлер үшін арнайы жасақталған кабинеттер жұмыс істейді.
Оралда Ұлы Отан соғысының, еңбек және спорт ардагерлері спартакиада ойындарында бас қосты.
Батыс Қазақстан облысында бүгінде 264 соғыс ардагері қалды. Солардың бірі - 1945 жылдың 24 маусымында Мәскеуде өткен Жеңіс шеруіне қатысып, тарихи оқиғаны өз көзімен көрген Меңжан Әбдірахманов.
Орал қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Павел Букаткин - соғыс тарихын жазысуға үлкен үлес қосқан азаматтардың бірі. Ол осы тақырыпқа арналған 100-ден астам очерк пен көптеген мақалалар жариялады.
Жеңісті жақындатқан жандар әрдайым ел жадында. Осынау сұрапыл соғыстың куәгерлері бейбітшілік пен тыныштықтың мән-маңызы туралы кейінгі буынға айтудан жалыққан емес.