Хабар Жаңалықтары бойынша барлық жаңалықтар
Ұлы Отан соғысында Алматы облысының ерекше ерлік көрсеткен 54 азаматы Кеңес одағының Батыры атағына ие болған.
«Біз - Жеңіс ұрпағымыз» республикалық әскери-патриоттық эстафетасы Петропавл қаласына жетті. Әйгілі 72 гвардиялық атқыштар дивизиясы жалауының көшірмесі осындағы 66/37 әскери бөліміне тапсырылды.
Көкшетауда Жеңістің 70 жылдығына орай айрықша іс-шара өтті. Қаладағы 55/10 әскери бөліміне Ұлы Отан соғысында шайқасқа қатысқан ақмолалық 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы әскери жалауының көшірмесі салтанатты түрде табыс етілді.
Павлодарлық соғыс ардагерлері Жеңістің 70 жылдығын қайта жөнделген өз пәтерлерінде қарсы алмақ. Былтыр мердігерлер жүзден астам қарияның баспанасын қайта жаңартып шығыпты.