Көкшетау қаласының іргесіндегі Красный Яр елді мекенінде тұратын соғыс ардагері Ольга Бабчук, «Хабар» агенттігі ұйымдастырған шара аясында сый-құрметке ие болды. Жасы 90-ға таяған әжей майданда медбике боп қызмет атқарыпты.
Акция бойынша барлық жаңалықтар
Жеңістің 70 жылдығына арналған «Хабар» агенттігінің «Жеңіске құрмет» атты қайырымдылық акциясы Астанада басталды. Бір ай бойы өтетін республикалық шара барысында біздің ұжым Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне сый-сыяпат жасап, ерекше құрмет көрсетпек. Акция бір ай бойы жалғасады.
Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтау акциясы елдің барлық өңірлерінде жалғасуда. Ардагерлер Елбасының арнайы құттықтауын алып, жаңа жылды ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Солардың бірі жамбылдық - Александра Кичигина.